Жамбыл облысы Меркі ауданы білім бөлімінің "Владимир Савва атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Жұмыс уақтысы: пн.-пт. 09:00-19:00 |
Қабылдау бөлімі: +7(7263)24-39-00 savva9_merke@mail.ru |
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде 2017-2018 оқу жылынындағы «Ел жүрегі – Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына мектебімізді 10 жыл, 30 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектеріміз мектеп ұжымын бүгінгі меркемен құттықтап, дыбыс жазу студиясын сыйлыққа тарту етті.
Мектебімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында 10 қазан - 25 мамыр аралығында «Мектепке тағзым» атты акция шеңберінде іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты: Түлектерді туған жеріне, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету. Жоспар бойынша мектебіміздің танымал түлектері туралы мәліметтер базасын жинақтадық. Осы мәлімет бойынша мектебімізді 32 жыл бұрын, яғни 1986 жылы мектепті бітірген Музарапов Бахтияр Юлдашұлы қонаққа келді. Ол оқушыларға жеке кәсібін қалай ашқанын және өзінің табысты өмір жолы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол өзінің білім ошағына сый – құрмет көрсетіп, мектеп үшін қажетті «Дрон» видеокамерасын сыйға тартты. Қонағымыздың құрметіне мектебіміздің дарынды оқушылары ән, би орындады.
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп - лицейінде 1 қыркүйек Білім күнінде "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Жиынға 1982 жылы мектепті бітіріп кеткеніне 37 жыл болған түлектеріміз қонаққа келді.Олар "Мектепке тағзым" жобасы аясында жоғарғы сынып оқушыларына, мектеп ұстаздарына өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Қонақтар 1-сынып оқушыларының алғашқы тәрбие сағаттарына қатысып қайтты
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектебімізде «Мен сыйға тартқан домбыра» атты акция өткізілді. Тілмен жеткізе алмағанды үнмен жеткізген қасиетті домбыраны қастерлеп, атадан-балаға мирас етіп қалдыру мақсатында акцияға ата-аналар қатысып, Ауданымыздың ұлағатты ұстазы, зейнеткер Мұстафина Мадина апамыз мектебімізге домбыра тарту етті. Акцияға ауыл әкімі Өмірбек Мейірхан Азатұлы қатысып, өз тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Конструктор сайтов Asia.kz |